Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша, одақтастық және стратегиялық серіктестік рухында Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділік расталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.