Қазақстан Тұрғын үй компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап «Орда Аймақ» ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламасы іске қосылатыны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақстан Тұрғын үй компаниясына сілтеме жасап.
Жаңа ипотекалық бағдарлама ҚТК кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді.
Бұл ҚТК кепілдігімен үлескердің инвестициялары қорғалатынын білдіреді, яғни құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс салушы банкрот болған жағдайда, ҚТК үй құрылысының аяқталуына кепілдік береді.
Өтінімдер «Отбасы банкі» АҚ уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. «Отбасы банк» АҚ-да депозиттің болуы бойынша қарыз алушыға қойылатын талабы мен тұрғын үйдің болуы бойынша шектеу «Орда Аймақ» бағдарламасына қолданылмайды.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
· 15,9 % мөлшерінде белгіленген сыйақы мөлшерлемесі, ЖТСМ 17,26 % - дан 22,81 %-ға дейін.
· Икемді шарттар:
o бастапқы жарна: 20% бастап.
o қарыз сомасы: 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін.
o қарыз мерзімі: 12 айдан 240 айға дейін.
· Тұрғын үйдің бастапқы құны төмен: салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен.
Салынып жатқан құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыстарымен ҚТК тұрғын үй порталында танысуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.