«Бай, бақытты боласыз»: Айгүл Иманбаева маңызды үш кеңес айтты

Актрисаның айтуынша, үш маңызды қадамды қолға адам өзі қалаған жетістікке жетеді.

Актриса Айгүл Иманбаева желідегі оқырмандарына кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Актрисаның айтуынша, үш маңызды қадамды қолға адам жетістікке жетеді.

"Бірінші – таңертең ерте тұрыңыз, спортпен айналысыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, дұғада болыңыз. Екіншіден, ниетіңізден, амалыңыздан, ойыңыздан, тіліңізден болатын барлық негативтен құтылыңыз, арылыңыз, күнделікті бақылауға алыңыз. Өзіңіздің не ойлап жүргеніңізді, не айтқаныңызды, қандай әрекет жасағаныңызды, барлығын бақылауда ұстаңыз. Ал үшіншіден, кітап оқыңыз, білім қуыңыз, білім алыңыз. Білім алынбайтын қамал, қай жаста да. Биологиялық жас ешнәрсеге кедергі емес, ол сіздің миыңыздағы ғана өлшем. Ендеше дамыңыз, білім алыңыз, тоқтамаңыз. Осы үштік сіздің бойыңыздан табылып, тандем болған жағдайда сіз ала алмайтын қамал, шыға алмайтын биік болмайды. Биікке де жетесіз, бай да боласыз, бақытты да боласыз, үйлесімдікте өмір сүресіз", - деді әнші Айгүл Иманбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.