Қазақстандық боксшы Даниял Сапарбай Бразилияның Фос-ду-Игуасуда қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде қола медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Даниял Сапарбай 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті.
Даниял Сапарбай жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде, үшінші орын алды.
Сондай-ақ 4 сәуірде Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек финалға шығу үшін бақ сынайды.