Белгілі қазақстандық актер Шәріп Серік бес тәулікке қамалды. Бұл туралы Кazinform жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі) Ш.Серікке қатысты іс қаралды.
Сот барысында актер өз кінәсін мойындады.
– Сот қаулысымен Шәріп Серік Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, – деп хабарлады соттан.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Осыған дейін Алматы тұрғыны Әлия Бөтеева әлеуметтік желіде актер Шәріп Серіктің қол көтергенін айтып, дәлел ретінде видео мен суреттер жариялаған болатын.
Кейін актер Шәріп Серік жасаған әрекеті үшін кешірім сұрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.