Қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты.
Баянауылдағы дала өрті: елді мекендерге қауіп бар ма?
Фото: ҚР ТЖМ
526
оқылды

Бүгін, 4 сәуірде Павлодар облысы ТЖД Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөптің өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті мен орманшылықтың күштері және құралдары дереу жіберілді. Барлығы 85 адам және 24-тен астам бірлік техника жұмылдырылды. 

ТЖМ Командалық орталығында ТЖ вице-министрі Рамиль Камаловтың басшылығымен өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты. 

Осыған қарамастан құтқарушылар өрттің елді мекендерге таралуына жол бермей, сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тұрғындар үшін қауіп жоқ. 

Оқиға орнына құтқарушылардың қосымша топтары жіберілді. Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ, ЭТРМ, ЖАО бөлімшелерінің бірлескен күшімен тұрақтандырылды, ТЖМ жедел штабының ерекше бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.