Кеше Тәуелсіздік сарайында Сенат жанындағы Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Мәслихат Президент реформаларын іске асыруда маңызды рөл атқарады
409
оқылды

Секциялық және пленарлық сессиялар кезінде Парламент және мәслихат депутаттары, Үкімет мүшелері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар Мемлекет басшысы Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында белгілеп берген міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ іс-шарада сенаторлар мен мәслихат депутаттарының өзара іс-қимылын одан әрі жандандыру, жергілікті өкілді органдар қызметінің өзекті мәселелерін шешу және өңірлердің дамуына ықпал етудің маңызы туралы мәселелер сөз болды.

Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысу­шы­­ларға ілтипат білдіре келіп, 30 жыл ішінде мә­слихаттар еліміздегі басқару жү­йесінің жер­гілікті жер­лердегі толық­қанды субъектісіне ай­налғанын атап өтті. Мемлекет басшысы қол­ға алған саяси реформалардың арқасында кейінгі жылдарда мәслихаттардың рөлі айтар­лықтай нығайды. Бұл өзгерістер «Күшті Пре­зидент – Ықпалды Пар­ламент – Есеп беретін Үкімет» атты мемлекеттік құрылыстың жаңа формуласына сәйкес жүзеге асырылды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мыз­ғымайтын «Күшті Президент – Ықпалды Пар­ламент – Есеп беретін Үкімет» үш таға­нының маңызды эле­менті жауапты жергілікті басқару екенін үнемі айтып келеді. Бұл қағидат аясында мәслихаттарға маңызды міндет жүк­телетіні сөз­сіз. 2022 жылғы кон­сти­туция­лық реформалардың аясында мә­слихат­тардың дербестігін нығайтуға арналған жүйелі шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде олар мемлекеттік саясаттың то­лық­қанды қа­тысушысына айналып, жаңа кезеңде елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді», – деді Палата Спикері.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Ұлт­тық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет бас­шысы айқындап берген реформалар мен мін­деттерді жүйелі әрі сапалы іске асыру үшін бірлескен жұ­мыс­тың маңызы зор еке­ніне және сол бағыттағы бірқатар басымдыққа тоқта­лып өтті. Олардың қатарында қолайлы инвес­тиция­лық жағдай қалыптастыруға, әлеуметтік қоғам құруға, бюджет қара­жатының мақсатты пайда­ланылуына мони­торинг жүргізуге және мем­лекеттік құры­лымдар қызметінің ашық­тығын қамтамасыз етуге мәслихаттарды бел­сенді жұ­мылдыруға қатысты міндеттер бар.

«Мемлекет басшысы қолға алған рефор­ма­лардың жаңа кезеңінің мәні – сапалы өсуді қамтамасыз етуге, әлеу­меттік қорғаудың жаңа деңгейіне көшуге, мемлекеттік бас­қарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және қоғамды ортақ мүддеге жұмылдыруға арналған ішкі саясат жүргізу. Президентіміз Әді­летті Қазақстан құру үшін дұрыс құнды­лықтар жүйесі мен саяси мәдениет қалып­тастыру қажет екенін, сол жолда қажырлы еңбек ету керектігін айтты. Бұл жерде мә­слихаттар маңызды рөл атқарады. Мәсли­хаттар жер­гі­лікті жер­лерде қоғамды ұйыс­тыратын орталық болуға тиіс. Жалпы, Президент реформа­ларының жаңа кезеңін іске асыруда жер­гілікті билік органдарына ерекше миссия жүктеледі», – деді Сенат Төрағасы.

Кеңейтілген отырыста депутаттардың құзырет деңгейін арттыру, мәслихат­тардың экономикалық және қаржылық өкілет­тіктерін кеңейту, сондай-ақ олар­дың өңірлік саясатты қа­лыптастыруға және іске асыруға, жалпы­ұлттық міндет­терді шешуге белсенді қатысуын қам­тамасыз ету мәселелері де талқыланды.

Іс-шарада өңірлерді дамыту және мем­лекеттік өңірлік саясатты тиімді іске асыру Се­нат қызметінің негізгі бағыт­тарының бірі еке­ніне баса мән берілді. Соңғы жылдарда Пар­ламент мәслихат­тарды белсенді тарта оты­рып, өңірлік проблемаларды шешуге арналған маңыз­ды заңдар қабылдады.

«Мемлекет басшысының тапсырма­сымен Парламент экономикалық саясаттың жаңа үлгісін және мемлекеттік басқару жүйесін заң­намалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Бірлескен жұмысымыз­дың тиімділігін барынша арттыру үшін Сенат жанындағы Мәслихат­тармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысы жаңғыр­тылып, жаңа форматқа ауысуда. Соның нәти­жесінде Кеңестің қызметі өңірдегі нақты мә­се­лелерді шешуге бағытталып отыр. Сенат жа­­нын­­дағы «Өңір» депутаттық тобының жұ­мы­сы да жаңғыр­тылып жатыр. Ол Кеңес­пен бір­ге өңірлік проблема­ларды шешу жолдарын талқы­лайтын маңызды алаң ретінде жұмыс іс­тейді. Осы жолда Тәуел­сіздікті нығайту және аза­мат­тардың мүддесі үшін елдің сапалы да­муын қамтамасыз ету – біздің стратегиялық мақ­сатымыз екенін айрық­ша атап өткен жөн», – деді Мәулен Әшімбаев.

Секциялық сессиялар барысында Парла­мент және мәслихат депутаттары, сондай-ақ сарапшылар қалалар мен ауылдардың әлеуетін арттыру үшін бар­лық деңгейдегі депутаттар­дың, Үкімет мүшелерінің, сарапшылар қоғамдас­тығының күш-жігерін біріктіру ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Қатысушылар секциялық отырыстар аясында көте­рілген мәселелердің өзектілігіне де назар аударды. Онда өңірлердің экономикасын, агроөнер­кәсіптік кешенді, ауылдық аумақ­тарды және қоршаған ортаны қорғауды, сондай-ақ жер­гілікті жерлерде әлеу­меттік саясат пен инклю­зивті қо­ғамды дамыту бағыттарына да басым­дық берілді.

Кеңейтілген отырысқа Парламент және мәслихат депутаттарымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Ер­мек Көшербаев, Стратегиялық жоспар­лау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катар­жина Вавьерниа, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйым­дар­дың, академиялық және сараптамалық қоғам­дастықтың, сондай-ақ азаматтық сек­тордың өкілдері қатысты.