Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілді­гі болып бекітілген Шымкент қаласы әкімі­нің ор­ын­басары Сәрсен Құранбек әр апта­ның сәр­сен­бісі БАҚ өкілдеріне қаладағы атқар­ыл­ған жұ­мыстар төңірегінде нақты ақпарат беріп, кей­бір ел ішінде қоғамдық пікір қайшы­лық­тар­ын туғызып жүрген мәселелерге нүкте қойып кел­еді.
Шымкенттегі қасаң сең бұзылды
5,047
оқылды

Біз қоғамда қызу пікірлерге ұл­ас­қан бірқа­тар мәселеге тоқталып өтсек.

74 мектепте білім сапасы төмен

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақ­стан құруды үнемі айтып келеді. Ол былтыр Атырау қаласында өт­кен Ұлттық құрылтайда «Бар­лық салада әділдік болса, әлеу­мет­тік теңдік орнайды, татулық пен келісім нығая түседі» деген болатын. Президент айтты, Үкі­мет тапсырма берді, біз солдат сияқ­­тымыз, оны бұлжытпай жүзе­г­е асырып келеміз», – деп кезекті брифингте атап өткен Сәрсен Абайұлы Шымкент қала­сының білім саласына қатысты тексеру­дің қортындысын айтты.

«2023 жылғы оқу процестері бойын­ша Оқу-ағарту министрлігі жүргізген мониторингте анық бол­ған­ындай, Шымкент қаласы­ның білім сапасы еліміздегі 20 өңір­дің 20-сыншы қатарында тұр. Сонымен бірге 150 мектептің 74-інде білім сапасы төмен деп тан­ыл­ған, ал 70 мектептің 52-сі ат­тес­­­­тациядан өте алмады. Одан бөл­ек, тексеру нәтижесінде ан­ық­­­тал­ған­ындай, қаладағы 6 мек­теп­тің ли­цен­зиясы жоқ, 11 мек­теп­­те ат­қар­ып жатқан қызметіне сай емес 18 мұғалім жұмыс істеп жүр. 

Ал мұғалімдердің біліктілігіне қатысты мәселелерге тоқталсақ, 20 мұғалім біліктілік арттыру кур­сы­нан өтпеген, 130 мұғалімнің 55-і өрлеу орталығындағы тесттен өте алмаған. «Мектептегі білім сапасын арттыруда директордың рөлі аса маңызды. Біз 40 мектепті тексеру барысында 8 директор­дың жұмысында елеулі кемшілік­тер барын анықтадық. Кейбір мек­­­­теп­терде мұғалімдердің білік­тілік курсына қатыспауына көз жұма қарау және білім сапасына қатысты жасанды көтеру факті­лері болған. Сондықтан оларға тиіс­ті шара қолданылды. Аттеста­циядан өте алмай қалғандардың ара­сында 20-30 жылдық еңбек өтілі бар педагогтер бар. Осыдан кейін олардың арасында келіс­пеу­шіліктер туындауы, билікке қар­сылық болуы заңдылық. Біз ешкімді орынсыз қудалап немесе негізсіз қызметінен босатқан жоқ­­­пыз. Барлық шешім тексеру нәтижесіне және объективті дер­ек­терге сүйене отырып қабыл­дан­ды»,– дейді қала әкімдігінің рес­ми өкілі. 

Ханбибі Есенқарақызы неге шырылдады?

Айта кетейік, Қазақстанға ең­бегі сіңген қызметкер, ақын-жазу­шы Ханбибі Есенқарақызы өзінің жеке парақшасына қала әкімі Ғабит Сыздықбековке ба­ғыт­тап, «Сәрсеннің сәтсіз істері» тақырыбымен кезінде ақын апа­мыз­дың өзі басқарған облыстық қуғын-сүргін музейінің қазіргі ахуалына алаңдап, музейлердің бірігіп кеткеніне қарсылық біл­діріп, мәлімдеме жасады. Ханбибі апамыздың бұл жазбасы ел ішін­де едәуір қызу талқыға түсті. Дәл осы күні Сәрсен Абайұлы бұқара­лық ақпарат құралдарына бри­финг өткізіп, мәселені түсіндірді. 

«Елімізге белгілі Ханбибі Есен­қарақызының жеке басына құрметім ерекше. Ақын апамыз музей­лерді біріктіргенімізге және Шәмші Қалдаяқов атындағы фил­­ар­­мония бола тұра Шымкент концерт бірлестігін құрғаны­мыз­ға өзінің наразы пікірін біл­дірі­пті. Әркімнің жеке пікіріне құр­мет­пен қараймыз. Дегенмен жұ­мыс­ты үйлестіру, тиімділігін арттыру үшін Шымкент қаласы­ның мә­дениет саласындағы қа­саң сеңді бұзып, біршама өзгеріс­тер енгіз­генімізді жасырмай­­мын», – деп атап өтті брифингте қала әкімінің орынбасары Сәр­сен Құранбек. 

Жалпы, Шымкент қаласында бес музей қызмет атқарады. «Шым­­­қала» тарихи-мәдени кеш­ені, Саяси қуғын-сүргін құрбан­дары музейі (оның құрамындағы «Ерлік» музейі), «Хакім Абай» музейі (кітапхананың құрамында болған) және Сайрамдағы музей (Шымқала кешені құрамында бол­ған). Алайда бұл музейлердің ұйым­дастырушылық-құқықтық мәртебелері әртүрлі болған­дық­тан, олардың қаржылық қызмет­інде қиындықтар туындаған. Мы­­салы, «Саяси қуғын-сүргін құр­­бан­дары музейі» коммуналдық қазыналық кәсіпорын ретінде қосымша табыс табуға мүмкіндігі бар болғанына қарамастан, бұл музей жылына бар болғаны 3 мил­лион теңге қосымша қаржы тап­қан. «Шымқала» тарихи-мә­дени кешеніне туристер жиі бара­ды. Бірақ коммуналдық мемле­кет­­тік мекеме мәртебесіне ие болған­дық­тан, мекеме өздігінен табыс таба алмайды. Бұл мәселені шешу мақсатында Шымкент қа­ла­сында музейлерді бір орталық­қа бір­ік­тіру жұмыстары жүргізіл­іп, «Шым­кент қалалық музейлер бірлестігі» құрылған. Бес музей бірік­тірілген мемлекеттік ком­мун­алдық қазыналық кәсіпорны енді музейлердің қаржылық тұр­ақ­тылығын қамтамасыз етіп, олар­дың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп күтілуде. 

Ал Шәмші Қалдаяқов атында­ғы филармония Түркістан обл­ысы­на қарасты мекеме болған­дықтан, ол Шымкент қаласына тиесілі емес. Сондықтан қала би­лігі «Шымкент концерт» құры­л­ымын құрған. «Шымкент кон­церт» – бұл қаладағы филармония қыз­метін атқаратын концерттік бірлестік болмақ. «Бұрын бұл ме­кеме Шым­кент қалалық мәден­и­ет үйі болған. Алайда мәдениет үйлері аудандарға тән, ал мегапо­лис­ке концерттік бір­лестік қа­жет», – деп атап өткен Сәрсен Абай­ұлы қоғамда Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрына қатысты айтылып жатқан сынға жауап бер­ді. Атал­ған театрдың жыл бойы баржоғы 2 премьера мен 28 қой­ы­л­ымды сах­на­лағанына нара­зы­лығын біл­діріп, мұндай кемші­ліктер бас­шы­лық­тың өз еркімен жұмыстан кетуіне түрткі болғанын жасыр­ма­ды. Сонымен бірге Жұмат Шан­ин атындағы театрда бірне­ше жыл бойы бірде-бір қойылым­ға қатыспаған, тіпті олардың Алматы, Астана қалаларында тұр­а­тын актерлер бар екені анықталған. 

Футбол ойыншысы 20 миллион теңге жалақы алады

 Шымкенттегі тағы бір шулы мәселе, «Ордабасы» футбол клуб­ы­­­ның ойыншыларын ұстауға бюджеттен миллиардтаған теңге қаржы бөлінетіні. Ойыншы­лар­дың орташа жалақысы 15 мил­лион теңге төңірегінде екен. Бұл туралы қала басшысы Ғабит Әбді­мә­житұлы «батпаққа батып қалған» футбол командасын қа­был­дап алдық деп атап өтті. Се­бебі 2023 жылы Ғабит Әбдімәжит­ұлы қалаға әкім болып келгенде «Ордабасы» футбол команда­сы­ның 2018 жылы бері жинақталған қарызы 2,5 млрд­-қа жуық болған. Қала әкімінің пәр­менімен оған қосым­­ша құн салығымен бірге аталған қарыз толық жабылған. Тіпті, «Отау групп» компаниясы­ның демеуші­лігімен 1 миллиард теңге тағы берілген. Соған қара­мастан, сол кездегі клуб Прези­денті коман­даны тағы да 2 млрд­-тық қарыз болуға мәжбүр еткен. Се­бебі ол кісі дир­екторлар кең­есі, басқарушы орган ешқайсы­сы­мен келіспей бірнеше футбол­шы­ға артығымен төленетін кел­іс­ім­шарт жасасқан. 

«Біз осы мәселені зерделеп, не үшін жалақыны көбейтіп жаз­ғанын анықтап беру үшін құзы­ретті органдарға шағымдандық. Заң аясында оның жауабын алар­мыз. Ол келісімшарт 2024 жыл­дың соңына дейін жасалса мейлі ғой, 2025 жылдың соңына дейін түзіл­ген. Бұл УЕФА-ның тарапы­нан қорғалатын келісімшарт бол­ған­дықтан оны бұзуға бол­май­ды. Қазіргі таңда олар ойнаса да, ой­на­маса да сол қаржыны төлеуге мәжбүрміз. Тіпті, ол жігіт­тердің біреуі мүлдем алаңға шық­пайды. Бұл мәселені ойын­шы­лардың өздерінің арының, намысының ісіне қалдырған жөн. Мұнда фут­болшылар жақ­сы­лап ойнауы ке­рек, алып жат­қан қаржысын ақ­тау­ға тиіс, не бол­маса басқа бір ше­шім қабыл­дауы керек. Әрине, ерік өздерін­де», – деді қала әкімі­нің орынба­сары журналистерге бер­ген сұх­бат­ында. 

Алысқа бармай-ақ, 3 жыл қа­тарынан Шымкентте 12-17 мил­лион теңге төңірегінде жалақы алып келген бір футболшы қазір көрші облыстың футбол команд­асында ойнап, 1-2 миллион теңге алып жүр. Ал шымкенттіктер 3 ойын­­шыға айына 60 миллион теңге төлеп отыр. Сәрсен Абай­ұлы қоғамда пікір туғызған осы мәселе жөнінде де нақты дерек­терді атап өтті. 

Су арнасы мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкентте біршама уақыт­тан бері «Су ресурстары Маркет­инг» ЖШС-ны мемлекет менші­гі­не қайтару бойынша тың­дал­ым­дар мен талқылаулар өтіп келе жатқан болатын. Аталған меке­ме­ге қатысты ел ішіндегі ша­ғым­­дардың көп екені жиі айтыла­ды. Қала әкімдігі бұл стратегиялық нысанды коммуналдық меншікке қайтару арқылы қызмет сапасын жақсарту және тарифтерді төм­ен­детуді мақсат етуде. Сонымен, Шымкент әкімдігі жуырда көп­тен күткен нәтижеге қол жеткізді. Қала әкімдігінің ресми өкілі Сәр­сен Құранбек БАҚ өкілдерін жи­нап, «Су ресурстары Мар­кетинг» ЖШС-ның мемлекетке қайтар­ылғаны бойынша сүйінші жаңа­лық­ты жеткізді. 

Айтса айтқандай, Шымкентте едәуір өзгерістер болып жатыр. Осы қарқынмен жұмыс жүре бер­се, әлі де бірқатар былықтың беті ашылатын сыңайлы.

Назгүл НАЗАРБЕК, 

Шымкент қаласы