Абай облысының Бесқарағай ауданында дала өрті болып, ол Башкөл ауылы маңында басталып, орман алқабына ауысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
От "Семей Орманы" РММ Соснов орман шаруашылығының Морозов филиалының кварталына жайылды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына полиция әрекеттерін үйлестіру мақсатында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров барды.
Ол облыс әкімі Берік Уәлидің тікелей басшылығымен жұмыс істеп жатқан жедел штаб құрамына енді. Алғашқы минуттардан бастап полицейлер оқиға орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, төтенше қызметтердің әрекеттерін үйлестіруге көмектесіп, халық арасында үрей туындауына жол бермей, алдыңғы қатарда еңбек етіп жатыр.
— Жағдай ерекше бақылауда. Полиция Төтенше жағдайлар департаментімен, орман күзетімен және әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Мақсат — өртті сөндіріп қана қоймай, халық пен олардың мүлкін барынша қорғау, — деп атап өтті Ернар Базаров.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.