Қазақстанда Eurasian Resources Group металлургия және тау-кен өндірісін инновациялық дамытуда, IT индустрия­ны және осы саладағы кәсіби мамандар легін қалыптастыруда жетекші компания саналады.
Өндірістегі цифрлық трансформация
450
оқылды

Сонымен қатар аймақтарда ең ірі жұмыс беруші ретінде танымал. Өңірлер мен моноқалалардағы түлектердің 50%-ы ERG-ді әлеуетті жұмыс беруші деп біледі. Ал студенттердің 85%-ы оны жоғары жалақы үшін таңдаса, 52%-ын мансаптық өсу мүмкіндігі қызықтырады.

Сапалы кадр – өнімді еңбек

ERG компаниясы өндірісте IT индустрияны дамыту және инновация мәдениетін қалып­тас­тыру, жас мамандардың кәсі­би шығармашылық әлеуетін же­тілдіру секілді стратегиялық мін­деттеме үдесінен шығу мақ­сатында колледждермен бірлесе Альянс құрды. Қазір колледждер мен ERG Альянсына 23 колледж бен 3 жоғары оқу орны қосылған. Альянстағы 2 коллежде ERG құзырет орталығы ашылды. Бұл құзырет орталықтары – метал­лургия және тау-кен өндірісіндегі кәсіби білім беру тәсілін өзгер­те­тін жаңа алаң. Мұндағы инно­вациялы нысандар теория мен тәжірибені қабыстыра ең соңғы үлгідегі цифрлық техноло­гия­лармен жұмыс істеудегі тың сер­пін десек болады. Мәселен, жа­қында Хромтау тау-кен жоғары колледжінде ашылған заманауи құзырет орталығы VR-зертхана­сында және тау-кен машиналары мен кешендерінің зертханасында сегіз мамандық бойынша кадр дайындайды.

Заманауи технологиялар­дың арқасында студенттер шахта­лар мен өндірістік алаңдардағы жұ­мысты модельдей отырып, вир­туалды шындықта кәсіби тап­сырмаларды орындай алады. Кең­ауқымды бағдарламалық ті­зімі бар VR-көзілдіріктері сту­дент­терге оқу аудиториясынан шық­пай-ақ түрлі өндірістік про­цестерге енуге және кәсіби дағ­ды­ларды меңгеруге ықпал етеді. 

Компания тек 2024 жылдың өзінде колледждерді жабдықтауға 600 млн теңгеден астам қаражат жұмсаса, одан бөлек студенттерге Қытай мен Германияда тағылым­дамадан өтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар былтыр кол­ледж­дердің 737 түлегін жұмыс­қа орналастырып, жас мамандар­ды қолдау бағытында рекорд жасады. 

Жасанды интеллекті мүмкіндіктері 

Компания жұмыс орында­рын­да цифрлық трансформация жүргізіп, жаңа кәсіптерді барын­ша қарқынды дамытуды қолға алды. Жасанды интеллект техно­логиялары саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын кадрлық әле­уетті арттыруға пайдалануда да біршама жетістікке жетті. Ком­пания елімізде алғашқылардың бірі болып digital бағытты дамыту үрдісін қалыптастырды.

2023 жылы ERG бизнесті транс­формациялау бағдарламасы аясында орнықты дамудың не­гізгі 5 бағыты бойынша ауқымды қайта құруды бастап, ERG кор­по­ративтік университетін құрды. Бұл еңбек нарығында қауіпсіз ең­бек жағдайын жасап, қара­па­йым жүргізушілер, ұңғылау­шы­лар, кеншілер тау-кен техника­ларының операторлары секілді жаңа мамандар дайындауға және Топ кәсіпорындарындағы 200 про­цесс пен 50-ге жуық маман­дықты цифрландыруға мүмкіндік берді.

2023 жылдың тамыз айында «Шығыс» кенішінде Қазақстанда тұңғыш жүргізушісіз ауыр жүк кө­ліктері іске қосылды. Оларды бас­қаруға арналған жаңа ма­ман­дық – автономды самосвал опе­раторы енгізілді.

https://www.youtube.com/watch?v=zW9V-5exOBI

Мәселен, 2008 жылы компа­нияға қарапайым дәнекерлеуші болып жұмысқа орналасқан Дархан Ишанқұлов 2022 жылы қайта оқып, жаңаша білім алып, жаңа мамандық – «ауыр жүк кө­лігінің жүргізушісі» мамандығын меңгеріп алған.

– 2022 жылға дейін дәнекер­леуші болып жұмыс істеп, кейін өзімді жаңа бағытта сынап көр­гім келді. Компаниямыздағы қай­та даярлау бағдарламасының арқасында жаңа мамандықты игердім. Ауыр техниканың жүр­гі­зушісі болып 2023 жылдың со­ңына дейін жұмыс істедім. Көп ұзамай компания робо­то­техниканың жаңа жобасына үміткерлерді іздей бастады, мен одан әрі өсуді шештім. Байқаудан өтіп, ұшқышсыз автоса­мосвал­дардың операторы мамандығын алдым. Қазір жұмысымызда та­маша нәтиже көрсетіп жатыр­мыз, – дейді ол.

Қазір Дархан Ишанқұлов 3 самосвалды басқарып отырса, болашақта бірден 10 көлікті басқаратын мүмкіндігі бар.

– Робот­танды­рылған тех­­ни­ка кеше­нін бар бол­ға­ны екі ма­ман бас­­қа­рады. Жүр­­гізу­­ші-оператор үш ма­­ши­­наның қоз­­ға­лыс жыл­дам­дығы мен ба­ғытын қада­ғалап, қа­уіпсіз ма­неврлерді қамтамасыз етеді. Ал сервис инженері техни­каның жұмысын бақылап, мар­шруттарды түзеп, жүк тиеу және түсіру алаңдарын жаңартып оты­рады. Жүргізушісіз жүк кө­ліктері тиеу-түсіру алаңдары арасында тау-кен массасын үз­діксіз тасымалдауда. Бұл шешім өндірістегі тиімділікті арттырып, адам факторын азайту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, – деді ERG Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

Басшының айтуынша, жа­сан­ды интеллект негізінде бас­қары­латын ауыр жүк көліктері қазірдің өзінде 2 миллион тон­надан астам жүк тасымалдап, 17 мың рейс орындаған, бұл – 68 мың ша­қырым жол. Бұл жоба аясында 2027 жылға дейін ши­кізат көлемін 115 миллион тон­наға дейін ұл­­ғай­ту жоспар­ла­нып отыр.

ERG-дің негізгі цифрлық жо­балары қа­та­рында Qollab және MES жүйе­лерін атуға болады. MES – өн­дірісті басқарудың ин­тел­лек­­туалды жүйесі. Ол өнді­ріс про­цес­терін нақты уақыт режимінде қада­ғалап, жедел шешім қа­был­дауға мүмкіндік береді. Жүйенің негізгі элементтерінің бірі – MES Alina виртуалды көмекшісі. Ол қызметкерлерге қажетті ақ­паратты тез тауып, есептер түзуге септеседі. Ал Qollab – ERG-дің бірыңғай корпоративтік плат­формасы. Онда қызметкерлерге арналған әлеуметтік желі, жұмыс процестерін басқару құралдары мен жеке кабинеттер бірік­тірілген. Бүгінде платформаны 60 мыңнан астам қызметкер тұ­рақты қолданады және бұл жүйе серіктестер мен мердігерлер үшін де қолжетімді. 

Eurasian Resources Group жұ­мысын бастағаннан бергі 30 жыл тарихында бұрынғы өнді­рістерді дамыту мен жаңа өн­дірістерді ашуға $14,6 млрд-тан астам қар­жы бағыттай оты­рып, әлеуметтік инвестициялар кө­лемін $1,1 млрд-қа дейін арт­тырды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ