Алаяқ Орал қаласының бірнеше тұрғынын алдап, жоқ бизнеске қаржы салуды ұсынып, олардың 200 млн астам теңгесін иемденіп кеткен.
Алдымен ол әйелмен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Өзін көршілес елдерге айфон телефондарын көтерме сауда бағасымен сатумен айналысатын кәсіпкер ретінде таныстырып, сеніміне кірген.
– Алаяқ әйелге жоғары табыс табасың деп уәде беріп, қаржы салуды ұсынған. Әйел оған екі пәтерді сатудан түскен қаржысына жинаған ақшасын қосып берген. Келтірілген залал 77 млн теңгеден асқан. Сонымен қатар алаяқтың құрығына жәбірленушінің туысқандары мен таныстары түскен. Қазіргі кезде алаяқтықтың алты эпизоды бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қаржыны өз мұқтажына жұмсаған, букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, ұтылған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомстводан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз