Тараз тұрғыны Зауырбек Манапбай өрттен адамдарды құтқарғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Жанып жатқан көліктен адамдарды алып шыққан азамат марапатталды
Фото: интернеттен алынды
384
оқылды

Оқиға 8 қазан күні Таразда болған. Техникалық қызмет көрсету станциясының жанында болған жол апатынан бір көлік өртеніп, жүргізуші мен жолаушы көлікте қалып қойған.
Зауырбек Манапбай өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан көліктен адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, алғашқы көмек көрсеткен.


Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз