Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес көктем мезгілінің басталуына және күннің жылуына байланысты 7 сәуірде жылыту маусымы ресми түрде аяқталады.
"Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында, тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жалғасады. Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз", – делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз