4А ықшамаудандағы теңіз жағалауынан бірнеше құстың өлексесі табылған. 3 сәуірде экология мамандар теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижелері қосымша жарияланады.
Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады.
Бұған дейін 4А ықшамаудандағы жағалауда демалушылар құстардың өлу оқиғасын тіркеген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз