Шаһарда күн күрт бұзылды. Аспанды қара бұлт торлап, қатты жел тұрып, қаланы шаңды дауыл басты.
Алматыны шаңды дауыл басып қалды
Фото: kaz.inform
1,250
оқылды

Қалада минутқа созылған күшті жел ғимараттардың қасбеттерін жұлып түсірді. Дүкен маңдайшалары бүлінді. Қазір нөсер жауын басталды.

Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін «Қазгидромет» Алматыда 5-6 сәуір аралығында нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына шамамен 15-20 метрге жететіні туралы ескерткен болатын.

Қаланың коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмысқа көшті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз