Қазақстандық Арина Алтухова нысана көздеуден Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, спортшымыз 50 метр қашықтыққа үш қалыпта атудан үшінші нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 445.9 ұпай жинады.
Бірінші орынды үндістандық Каур Самра (458.6 ұпай), ал күміс жүлдені германиялық Анита Мангольд (455.3 ұпай) жеңіп алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз