Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылады - министр
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылады - министр
© Сурет ғаламтордан
238
оқылды
  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОҚК өткен брифингте төтенше жағдай кезіндегі азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. "Төтенше жағдай кезінде Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылады! Төтенше жағдай режимінде барлық ел болып ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді салатын боламыз және де тиісті құқықтар мен инструменттер ол үшін жеткілікті. Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жергілікті ақтарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын болады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында сауда объектілері қызыметтеріне бірқатар уақытша шектеулер енгізілді", – деді Сұлтанов. Сондай-ақ, министр қазақстандықтардан санитарлық нормаларды күшейту жөніндегі ұсынымдарды сақтауды сұрайды. Өйткені, біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірі өте құнды деді ол.