Алматыда қысқы марафон басталады
Алматыда қысқы марафон басталады
363
оқылды
23 ақпанда Алматыда қысқы жүгіру марафоны өтеді. Шараға 1 500 әуесқой спортшы қаты­са­ды. Марафон әл-Фараби даң­ғылында басталатын­дық­тан, жол 3 сағатқа жабылады. Игі бастаманы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, World Class Almaty фитнес-клубы, ака­де­мик Ш.Есенов атындағы ғы­лы­ми бі­лім беру қоры мен #Сен­Бас­­қа­сың көп­спортты Youtube-арна­сы ұйым­дас­ты­рады. Сондай-ақ мара­фон­ның бас се­ріктесі – Kaspi.kz. Марафоншыларды дайындау мақсатында 1 ақпаннан бастап ашық жаттығу жиыны өтеді. Осылайша, «Алматы марафонына» кәсіби жаттық­ты­­рушылардың көмегімен сақадай-сай дайындаласыз. Ашық жаттығу сей­сенбі, бейсенбі және сенбі күні болады. Қысқы жүгірудің жүлде қоры бел­гілі. Абсолюттік сынақтағы жеңім­­­паз­дар, 10 шақырым қашықтықтағы қаты­су­­шылар 200 мың теңге ақша­лай жүл­дені өзара бөліседі. Ал әр санат бойынша үздік атанған үштік медаль мен серіктестер ұсынған ба­ғалы сый­лыққа иелік етеді.  Сон­дай-ақ мәре сызығын кескен әр­бір қатысушы естелік медаль алады.   Айбике ЖАНАСЫЛ