«Шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне ренішін білдірді

«Шошисың»: Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне ренішін білдірді
Әнші ауданнан бір асхана және дәретхана таппағанына ашуланды.

Әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдегі жағдай туралы баяндады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші жол бойынан бір асхана және дәретхана таппағанына ашуланды. 

“Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп-шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болған соң тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік”, – деп жазды әнші. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.