«Қазгидромет» метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес еліміз бойынша алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, республиканың көп бөлігінде тұман болады.
Қазгидромет: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
3,116
оқылды

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері батыста, солтүстікте, Қазақстанның таулы аудандарының оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

11 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, 12 сәуірде түнде Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Елдің шығысында ғана жоғары қысым өрісінің әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Батыс аймақтарда жел күшейеді деп күтілуде, ал республиканың көп бөлігінде тұман болады.

Түнде температура фоны:

Елдің батысында 2-7-ден 0-5-ке дейін, батыс аймағының солтүстігінде 3 градус аязға дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста температураның 3-8 жылудан 2 аяз-3 жылуға дейін төмендеуі.

Солтүстікте, орталықта 2-7-ден 7-12-ге дейін жылу көтеріледі.

Шығыста 3- 5 аяздан 3-8 жылуға дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста 5-10 жылудан 7-12-ге дейін жылу көтеріледі деп күтілуде.

Оңтүстікте 10-15-тен 15-20-ға дейін жылу көтеріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.