Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Бюджет қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырған»: экс-шенеунік күдікке ілінді
Фото: istockphoto
1,436
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен. Бұл жағдай мемлекетке 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

 Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,  делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.