Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салуды алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін, яғни 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге ірі қара малдың және ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынған болатын (ҚР АШМ 27.08.24 ж. № 290 және ҚР ҚМ 27.08.24 ж. № 583 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы).
Осыған байланысты, ҚР АШМ 04.04.2025 ж. № 100 және ҚР ҚМ 07.04.2025 ж. № 155 «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығы қабылданды.
Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаппай әкетуді болдырмау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары басының өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уақытша тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 10 сәуірде күшіне енеді, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.