Құтқарушылар бір үйір жылқыны аман алып қалды (видео)

Барлығы 40 жылқы, оның ішінде 1 құлын құтқарылды.

ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысы Атбасар ауданының Магдалиновка ауылының маңында су айдынынан өте алмаған бір үйір жылқыны қауіпсіз жерге шығарды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушыларды жануарларды байқаған куәгерлер көмекке шақырған. Оқиға орнына жеткен елордалық құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден сақтап, қауіпсіз жерге айдап шығарды. Барлығы 40 жылқы, оның ішінде 1 құлын құтқарылды.

Құлын үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан, ол қайықпен тасымалданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.