ҚР Жоғарғы соты республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырады. 10 сәуір күні сағат 12:00-де Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылданды.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көруге болады.
Сот отырыстары бейсенбі және жұма күндері өтеді. Келесісі 17 сәуірге жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.