Коронавирус жұқтырған Ресей спортшысы дерттің алғашқы белгілерін атады
Коронавирус жұқтырған Ресей спортшысы дерттің алғашқы белгілерін атады
© Instagram.com
367
оқылды
Коронавируспен ауруханаға түскен кайтсерфингтен әлем чемпионы, Ресей спортшысы Петр Тюшкевич дерттің алғашқы белгілерін туралы сипаттап айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Санкт-Петербург тұрғыны 15 наурыз күні Еуропадан оралған. Онда ауру белгілері болмаған, бірақ ол соған қарамастан тестілеуден өткен, деп жазады Rambler.
Сынақ оң нәтиже берді, бір күннен соң Петр аурудың белгілері байқала бастағанын айтты.
Ең алдымен – тамағын қышиды. Тамағың кеуіп қалған секілді болып тұрады. Екіншіден, біртіндеп құрғақ жөтел пайда болады. Үшіншіден, кеуденің жоғарғы жағы қысып, тынысын тарылады. Төртіншіден, міне түнде ыстығым 39 градусқа көтеріліп кетті, қанша таблетка дәрі ішсең де түсуі қиын екен, - деп жазды Тюшкевич өзінің Instagram парақшасында.
Қазір ол Мәскеудің Коммунаркадағы ауруханасында емделіп жатыр.