Қазгидромет 12, 13, 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттар өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмола, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында жауады. Ел аумағында тұман түседі.
12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуірде Ақтөбе, 13-14 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжанып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.