Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада суицид жасамақ болған қызды құтқарды (видео)
Видеодан скриншот
551
оқылды

Астаналық құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Бұл оқиға елорданың Нұра ауданы Қ.Мұхамедханов көшесіндегі көпқабатты үйде болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушылардың айтуынша, 25 жастағы қыз 10 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. 

- Жедел-құтқару жасағының  құтқарушылары қызбен әңгімелесіп, оның назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және "Өмір текшесін" орналастырды. Олар сондай-ақ пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды, - делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.