Өнер иесі әлеуметтік желіде бақытты сәтінен видео жариялап, қуанышын бөлісті.
«Сені жақсы көремін»: Алтынай Жорабаева күйеуі берген ерекше сыйлығын көрсетті
Фото: әлеуметтік желі
4,144
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева күйеуі берген ерекше сыйлығын көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желіде бақытты сәтінен видео жариялап, қуанышын бөлісті.  

"Қыздар! Сәуір айындағы сиреньді алдыңыздар ма?! Әлішер кеше таңертең ерте Қостанайға шығып кетіп, түсте Жанидаға осындай сиреньге тапсырыс беріпті. Жаным, Алла разы болсын! Мені қуантсаң, Алла сені қуантсын. Әрине, салмай-ақ қоюға болушы еді… Бірақ салғым келді. “Бақыт тыныштықты сүйеді” деген жазғыштарға алдын ала ескерту: Мен онсыз да қуанышты, бақытты сәттерімнің минимализмін көрсетіп жүрмін", – деп жазды әнші. 

Әнші оқырмандарына күйеуі жазған хатты оқып берді. Онда "Мен сені шексіз жақсы көремін" деп жазылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.