Алаяқтар 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген.
Прокурорлар 450 адамға заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топты әшкереледі
2,380
оқылды

Ақмола облысының прокурорлары 450 тұлғаға қатысты заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Былтыр сәуір айында Зеренді ауданының прокуроры аудан халқымен кездесу барысында, белгісіз тұлғалар әлеуметтік осал топтарға жататын аудан тұрғындарының атына ақшалай несие рәсімдегені фактісін анықтаған.

Осыған орай, аудан прокурорының бастамасымен жедел іздестіру шаралары басталған еді.

Нәтижесінде 2024 жылдың қараша айында алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру Ақмола облысы прокуратурасының Арнайы прокурорларына жүктелген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, оның мүшелері алдау жолымен екінші деңгейлі банктерден ақша қаражаттарын жымқырғаны әшкереленді.  

Топ мүшелерінің әрбір қатысушысының рөлдері, міндеттері және әрекеттері нақты бөлінген.

Алаяқтар 450 тұлғаға қатысты 5 млрд теңге шамасында заңсыз несие рәсімдеген.

Осы орайда еліміздің бірнеше облыстарының тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналған.  

– Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 24 тұлға күдікті деп танылып, оның 15-і соттың санкциясымен қамаққа алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда. ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жариялануға жатпайды, – делінген ақпаратта.