Прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды бақылауды жалғастыруда.
Жетісу облысында лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды
651
оқылды

Жетісу облысында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қаратал ауданы әкімдігінің бөлім басшыларының бірін мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған 511 160 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Прокуратураның мәліметінше, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан.

Сонымен қатар, ол қайтадан сатып алу рәсімін өткізіп, тағы басқа қатысушымен келісімшарт жасаған.

Тағы бір жағдайда мердігер техникалық талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды жеткізген, алайда осыған қарамастан аудандық ТКШ бөлімі ол тауарларды қабылдап алған.

– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қызмет беделін түсіретін жағдайлар бойынша конкурс комиссиясының басқа да мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі басшы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды.

Прокуратура мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды бақылауды жалғастыруда, – делінген ақпаратта.