Талдықорғанда пластик өңдеу цехы өртке оранды

Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде.

Талдықорған қаласында Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан пластикті кәдеге жарату цехында өрт шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары рангпен жұмыс істеп жатыр.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде. Оқиға орнына жеке құрамның 40 адамы және 13 бірлік техника жұмылдырылды.

Басқа нысандарға қауіп жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.