Бір апта бұрын Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлағаны туралы ақпарат тараған. Осы оқиғадан кейін студент қыздың жарақат алып, қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Алматы тауларында студент қыз қайтыс болды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,055
оқылды

Қазақпараттың мәліметінше, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті агенттік сауалына жауап бере отырып, қыздың мәйіті «Горельник» шатқалына жақын маңда 4 мамыр күні табылғанын мәлімдеді. Бұл Алма-Арасан шатқалындағы оқиғаға қатысы жоқ. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізуді бастады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.