Қазақпараттың мәліметінше, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті агенттік сауалына жауап бере отырып, қыздың мәйіті «Горельник» шатқалына жақын маңда 4 мамыр күні табылғанын мәлімдеді. Бұл Алма-Арасан шатқалындағы оқиғаға қатысы жоқ.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша Медеу аудандық Полиция басқармасы тексеру жүргізуді бастады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.