79 жастағы кейуана улы түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды.
Алматыдағы көпқабатты үйде болған өрттен бір адам зардап шекті
Видеодан скриншот
641
оқылды

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконы өртеніп, жалын жоғарғы қабаттың балконына дейін жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді. 

ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. 79 жастағы кейуана улы түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды.