Журналист Дана Нұржігіт Бейсен Құранбектің жарымен сұхбаттасты.
- Журналист адамгершіліктен аттамау керек.
Бұл – өмірінің соңына дейін шындықтың шырағын сөндірмей өткен Бейсен Құранбектің басты ұстанымы еді. Бұл сөз – жай ғана ұран емес, бұл – саналы таңдау, ішкі тазалықтың, жауапкершіліктің өлшемі.
Биыл Бейсен Құранбектің дүниеден өткеніне 5 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде оның есімі ел жадында, жүрегінде сақталып, артында қалған өнегелі жолы мен ұстанымы әлі де талай жасқа үлгі болуда.
Осы жолы My Prime Time бағдарламасында Бейсен ағамыздың жары – Гүлмира ханыммен шын жүректен сұхбат құрып, журналистикадағы рух пен ар тазалығы, Бейсеннің адами болмысы жайлы сөз қозғадық, - деп жазды Дана Нұржігіт.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз