«Филиппиндік құдалар» – қазаққа тұрмысқа шыққан қыздың ата-анасы келді

Желіде тараған видеода қыз туыстарын қобалжып күтіп тұрғаны байқалады.

Филиппиндік арудың ата-анасы мен бауыры құдаларымен танысу үшін Қазақстанға арнайы келгені белгілі болды.

Желіде тараған видеода қыз туыстарын қобалжып күтіп тұрғаны байқалады. Жанында күйеуі мен ата-енесі болған. Жақындарын көрген сәтте ол анасына жүгіріп барып, гүл шоғын табыстайды, кейін әкесі мен бауырымен құшақтасып қауышады.