«Трампты тыңдаймыз» – АҚШ Сенаты
«Трампты тыңдаймыз» – АҚШ Сенаты
416
оқылды
Сенатта АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы импичмент ісіне қатысты тыңдау басталды, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, бірінші отырыста республикалықтардың көшбасшысы Митч Макконнелл тыңдау өткізу резолюциясын таныстырды. Ол құжатқа сай айып тағушы мен қорғаушы тараптарға өз дәлелдерін таныстыруға 24 сағаттан беріледі. Бұл 20 жыл бұрынғы Билл Клинтонның импичментінен екі есе тез өтеді деген сөз. Резолюцияны Сенаттағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер «ұлттық деңгейдегі масқара» деп бағалады. АҚШ Сенатындағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер: «Егер президентті ант ішіп, ешкім қорғай алмаса, бұл істі осындай деңгейге жеткізгендер үшін бұл барып тұрған масқара ғой. Президент нені жасырып отыр? Республикалық әріптестеріміздің көздегені не? Олар ештеңені жасырмаса, қорықпаса, басқаша сөйлер еді. Қазір бізде шындыққа, куәгерлерге, құжаттарға шектеу қойылып отыр», – деді. Чак Шумердің бұлай деуіне Сенаттағы алғашқы отырыста демократ үш ұсынысты дауысқа салуы себеп болған. Ол президент әкімшілігінен Трамп пен Зеленскийдің телефон арқылы әңгімесін, қаржыны басқару басқармасы мен мемлекеттік департаменттен Украина мен АҚШ-қа қатысты құжаттарды беруін талап етті. Бірақ бастамасы сәтсіз аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша 53 республикалық қолдамай тастады. 47 демократтың дауысы құжаттарды алуға жеткіліксіз. Айта кетейік, Трампқа қарсы импичмент үдерісін өкілдер палатасында басымдыққа ие демократтар бастаған еді. Оған өткен жылдың шілде айындағы Трамп пен Зеленскийдің телефон арқылы әңгімесі түрткі болған. АҚШ президенті Дональд Трампқа лауазымын асыра пайдаланды және Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айып тағылып отыр.