Әлеуметтік желіде кеңінен тараған бейнежазба жұртты жылатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Саябақта серуендеп жүрген кішкентай қыз демалып отырған бейтаныс келіншектің қасына келіп, қолындағы қағазда не жазылғанын оқып беруін өтінеді.
Қағазда: «Қызымды балалар үйіне апарып тастаңызшы» деп жазылған.
Мұндай ауыр жазбаны оқыған келіншек жылап жіберді, қызды қолынан ұстап, оны жанында жүрген өз балаларына таныстырады.
Алайда кейін белгілі болғандай, бұл – адамдардың жанашырлығы мен мейірімін тексеруге бағытталған әлеуметтік эксперимент екен.