«Астана-Павлодар» автожолының 1 343 шақырымында, Пограничник кенті аумағында инновациялық инъекциялық әдісін қолдана отырып, цементбетон жабынының шөгуін жою жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар облысында алғаш рет республикалық маңызы бар жолда қолданыстағы жабынды бөлшектемей жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін технология қолданылуда. Инъекциялық әдістің мәні плиталардың астындағы бос орындарды арнайы материалдармен толтыру, нәтижесінде шөккен жерлер көтеріліп, тегістеледі.
Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі: алдымен Астана бағытындағы қозғалыс жолағында, содан кейін Павлодар бағытында. Бұл тәсіл жолды пайдаланушылар үшін қолайсыздықты азайтуға және қозғалысты тоқтатпауға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жөндеу орнында барлық қажетті жол белгілері мен қоршаулар орнатылды.