Қазір Ақ үй қақтығысты бейбіт жолмен реттеу деген ұстанымда.
Вашингтон Украинаға қару беруді тоқтатады
2,837
оқылды

Вашингтон тарапы Украинаға қару беруді тоқтатады, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Конгрестегі тыңдауда мәлімдеген.

«Дональд Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты көзқарасы бұрынғы басшы Джо Байденнен басқашалау», - деді ол.

Қазір Ақ үй қақтығысты бейбіт жолмен реттеу деген ұстанымда.

Кейінгі 3 жылда Вашингтон Киевке зымыран шабуылына қарсы «Патриот» қорғаныс жүйесі, алысқа ататын зеңбіректер, танкілер, бронды техника мен снарядтар сияқты 74 миллион доллардың қару-жарағын жеткізген.

Сарапшылар: «Енді Украинаның алдында 3 жол бар. Олар: Еуроодаққа арқа сүйеу, АҚШ қаруын Еуропа арқылы сатып алу және батыс қаржысын тарта отырып, өз өндірісін жандандыру», - дейді.