Алакөлде екі қыз суға батып кете жаздады

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!

Абай облысы Мақаншы ауданында Алакөл көлінің жағажайында серфинг тақтасында сырғанап жүрген 20 және 19 жастағы екі қыз толқын салдарынан аударылып, өз бетінше жағаға шыға алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушы гидроциклмен жылдам жетіп, жасөспірімдерді судан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!