Көшпелі өмір ережесінің қарапайым тұрмыстық жағдайдан үлкен айырмашылығы бар. Әсіресе, көп уақытын үйден алыс өткізетін саяхатшылардан үйренер дүние көп.
Өз-өзіңізбен қалудан қорықпаңыз
Тәжірибелі саяхатшылардың айтуынша, жалғыз қалмайынша, өзіңізді шын тану қиынға түседі. Олармен психологтар да келіседі. Айналадағы шу басылғанда ғана өзіңізді тыңдауға болады. Біз сізді барлығын тастап, елсіз аралға кетуге шақырмаймыз. Күнделікті бірнеше минут медитация жасау жеткілікті.
Айналадағының барлығын суретке түсіре беруді доғарыңыз
Сіз көрген ең әдемі көріністер Инстаграмда "өмір сүрмейді", олар есіңізде сақталады. Сондықтан өзіңізді барлық қоршаған құбылысты тамашалау және сезіну мүмкіндігінен айырмаңыз. Смартфон экранына үңілемін деп, барлық маңызды нәрселерді жіберіп аласыз.
Барлық нәрсені жоспарлауға тырыспаңыз
Тіпті, ең мұқият ойластырылған саяхаттау немесе күнделікті істер жоспары түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ол қалыпты жағдай. Әрине, бұл жоспарлаудан толықтай бас тартып, тек тағдырға сүйену керек деген сөз емес. Бастысы, орын алған өзгерістен апат көруді доғарыңыз.
Сізге көп нәрсенің қажеті жоқ
Жол жүру барысында макияждан, шаш үлгісінен және биік өкшелі туфлиден бас тарту оңай. Сол секілді артық жүктен және артық сезімнен арылу да жеңіл. Ұзақ сапарға жолға шығу арқылы ғана сізге негізінде өте аз зат қажет екендігін түсінесіз.