Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 14:30-да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің есептелген күші (МСК-64 шкаласы бойынша):
-
Құлан ауылы – 6 балл
-
Меркі ауылы – 5 балл
-
Шу қаласы – 3 балл
-
Сарыкемер ауылы – 3 балл
-
Төле би ауылы – 3 балл
-
Тараз қаласы – 3 балл
-
Аса ауылы – 2 балл
-
Мойынқұм ауылы – 2 балл
-
Қордай ауылы – 2 балл
-
Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 балл
-
Қаратау қаласы – 2 балл
-
Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 балл