Еліміздегі танымал блогерлердің бірі Артур Асқарұлы мен сүйіктісі Замира ресми түрде некелесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Бүгін біздің көңіл жарастырғанымызға бір жыл толды. Енді біз ресми түрде отбасымыз», – деп жазды Артур өз парақшасында.
Замира дизайнмен айналысады, оның ішінде жаңа эскиздер жасап, сән өнеріне ерекше үлес қосып келеді. Артур секілді ол да – блогер.