2024–2028 жылдарға арналған АӨК өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілген.
Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 70%-ға жеткізілмек
istockphoto.com
375
оқылды

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ЕАЭО аясындағы агроөңдеуді қолдап, түрлі жобалар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Aykin.kz сайты ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту қосылған құнның тікелей тізбектерін қалыптастыру, өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз ету және азық-түлік түрлерін кеңейту үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Қазақстан тарапының бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тараптардың сарапшыларымен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға мемлекеттік қолдауға талдау жүргізілді. Осы талдаудың негізінде шолу жобасы әзірленген. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, құжат ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің және бірқатар шет мемлекеттердің агроөңдеуді ынталандыру тәжірибесін қамтиды.

"Атап айтқанда:

• Ұлыбритания тамақ өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға тікелей қолдау бағдарламаларын іске асырады, оған жабдықтар мен инфрақұрылымға 40%-ға дейінгі гранттар мен өңдеушілерге арналған экспорттық қаржыландыру кіреді.

• Германия ет, сүт және наубайханалық өнеркәсіптерді салықтық жеңілдіктер, инвестициялық бағдарламалар мен экспортты ілгерілету арқылы ауқымды қолдайды.

• Канада мен АҚШ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қолданады: несиелеу, жаңғыртуды субсидиялау және фермадан дүкен сөресіне дейін қосылған құн тізбектерін құру.

• Қытай агроөнеркәсіптік парктерді құруға және агроөңдеу саласына инновациялық технологияларды енгізуге басымдық береді, оның ішінде цифрландыру мен өндірістік процестерді автоматтандыру элементтерін қолдану.

• Малайзия мен Түркия экспортқа бағытталған агроөңдеуді қолдау мысалдарын көрсетеді: орау, сертификаттау және логистикаға арналған субсидиялау бағдарламаларын енгізеді.

Сонымен қатар шолуда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы Қазақстан Республикасының тәжірибесі ұсынылған, - делінген хабарламады. 

Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мақсатында былтыр 2024–2028 жылдарға арналған АӨК өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекіткен. 

"Жоспарда келесі шаралар көзделген:

- өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өнімдеріне субсидия беру және шикізат экспортын шектеу арқылы қолжетімді шикізатты қамтамасыз ету;

- негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жеңілдетілген несиелер беру арқылы өндірістің рентабельдігін арттыру;

- өңделген өнімнің экспорттық әлеуетін жаңа нарықтарды ашу арқылы арттыру.

Сонымен қабылданған шаралардың нәтижесінде елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қазақстан Республикасы экономикасы үшін агроазық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, шолу жобасы тараптармен тұтастай мақұлданып, оның негізінде мүдделі мүше мемлекеттер үшін ЕЭК Коллегиясының ұсынысы жобасы әзірленді. Құжат ЕЭК-тің агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында мақұлданғаның ескере отырып, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында ЕЭК Коллегиясының отырысында белгіленген тәртіппен қабылдау жоспарланған, – делінген хабарламада.