"Н.Назарбаев ел бас­шы­лығынан кеткенімен, тарихта қал­ды"
"Н.Назарбаев ел бас­шы­лығынан кеткенімен, тарихта қал­ды"
268
оқылды
Саясаттағы көрегендік адам­заттың беталысын ба­ғам­даудан, жаһандағы оқи­ға­лардың өрбу барысын бол­жай білуден, болашақта тиім­ділік әкелер бас­т­а­ма­лар­ды қазірден қолға алудан кө­рініс береді. Бұл ретте әлем­дегі күйзеліс-құ­бы­лыс­тар­дың ушығып келе жат­қа­нын байқап, президенттік өкі­­леттігінен өз еркімен бас тартқан, тыныш заманда би­лік транзитін өткізген Ел­ба­сы­ның қадамы көрегендік бол­ғаны айқындалды. Жауапты көшбасшылықтың үл­гісін көрсеткен Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті ықтимал сая­си сын-тегеуріндер мен келе­шек­ке кесірін тигізер қауіп-қа­терлердің алдын алғандай. Тәуел­сіз Қазақстанның негізін қа­лаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев ел алдындағы дербес жауап­кер­шілігін жақсы түсінді, оның сал­дарларын ескерді. Джордж Вашингтон, Мұс­тафа Кемал Ататүрік секілді, Н.Назарбаев ұлттық тарих пен он­дағы өз орнына мән беретін, Қа­зақстан Республикасы деп ата­латын мемлекеттің негізін қа­­лаған тарихи тұлға. Президент өкілет­тігін өз бетімен тапсыруы – мықты, құрметтеуге лайық қа­дам болды. Н.Назарбаев ел бас­шы­лығынан кеткенімен, тарихта қал­ды, саясаттағы өз орнын сақ­тады.
Нұрсұлтан Назарбаевты өз өкілеттігін табыстауға не итер­меледі? Оған ел ішінен немесе сырт­тан қысым көрсетілді деген тұ­жырымды тіпті қарастырудың өзі – әбестік. Оның үстіне, Елбасы сыртқы қысым жағдайында ше­шім қабылдауды ұнатпайтын сая­саткерлер қатарына жатады. Н.Назарбаевтан сәттілік теріс ай­налды деуге де келмейді. Қа­­­ласа, ол келесі сайлауында да жеңіске жетер еді. Менің ойым­ша, Тұңғыш Пре­зиденттің өз өкі­леттігін тап­сыруының басты се­бебі – Та­рих еді. Елбасын ірі істерге ша­быт­тандыратын жә­не әлдебір әре­кеттерден аяқ тарт­қызатын бас­ты фактор – тарих пен ондағы ор­ны.