Комиссияның назарында болады
Комиссияның назарында болады
5,225
оқылды
Соңғы кезде әлеуметтік желідегі әңгіменің өзегіне айналған бюджет қаржысының орынсыз шығындалуы жө­­­ніндегі ақпараттың анық-қанығын анықтау үшін Nur Otan партиясының Тасқала аудандық филиалының жа­нындағы партиялық бақылау комиссиясы аудандық пар­тия филиалы төрағасының орынбасары Люция Жұ­банышқалиевамен бірге Ақтау ауылына барып, аталған жағ­даймен танысып қайтты. Ақтау ауылдық округінің әкі­мі Н.Бельгиннің түсіндірмесі бойын­­­­ша 2016 жылы «Жұмыспен қам­ту – 2020» жол картасы ая­сын­­да Ақтау ауылдық округ ор­та­лығына футбол алаңын салуға 7 млн 381 000 теңге қаржы бөлініп, 2016 жылдың қазан айында 7 млн 380 800 теңгеге мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Ст­рой­ЭнергаТелеком» ЖШС-імен ке­лісімшарт жасалған. Келі­сім­шарт негізінде жұмыстың орын­далу мерзімі 2016 жылдың 30 қа­­ра­­­­шасына белгіленген. Алайда мер­дігер жұмысты уақытында тап­сыра алмағандықтан, бірнеше рет ауданаралық сот арқылы тұ­­­рақсыздық айыбын төлеп, 2016 жылдың желтоқсан айында тап­сы­рып, тиісті қаржысы төленген. – 2017 жылы футбол алаңын пай­далану кезінде ақаулар анық­тал­ған.  Мекеме бірнеше рет сотқа жү­гін­ген. Бірақ келтірілген ақауды өн­діріп беру жөніндегі шағымын сот қанағаттандырмаған. 2018 жы­лы футбол алаңының  цемент құйындысын қалпына келтіру үшін Westzeoservise ЖК-мен 777 мың теңгеге келісімшарт жа­­­­­­салған. Орындалу мерзімі ағым­­­дағы жылдың шілде айы­на бел­гіленді. Бұл жұмыс­тар пар­тиялық бақылау комис­сия­сының әрдайым назарында болады, – деді Nur Otan партиясы Тасқала аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төра­ғасы Ганмирлан Тұрғаналиев.  

А..ЖАСАНҰЛЫ