Әнші келінінен қысылып жүргенін жасырмады.
«Ешкімге реніш жоқ»: Нұрлан Еспанов келін түсірген қалай екенін айтты
863
оқылды

Жақында ғана ұлын үйлендірген Нұрлан Еспанов "Жетінші арнаның" YouTube арнасына берген сұхбатында келін түсірген қалай екенін айтып, тойдағы қызықтарын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Адамның өзі көңілді жүру керек қой тойда. Өзің көңілді жүрсең, ешқашан өзгеге өкпелемейсің. Сенің өкпең кімге керек? Құдайға шүкір, барлық қонақтар келді. Кейбір достарым келе алмай қалды. Бірақ ешкімге ренішім жоқ", – деп ағынан жарылды Нұрлан Еспанов.

Әнші келінінен қысылып жүргенін жасырмады. 

"Ұялып жүрміз. Ұялу керек. Келін жақсы енді. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба, білінбейді", – деді Нұрлан Еспанов.