Зейнеткер мен оның иті бұрынғы президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылғанын марқұмның туыстары хабарлады.
Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды
713
оқылды

Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Lada.kz хабарлауынша, 12 шілдеде таңертең серуенге шығып, қайта оралмаған 80 жастағы Валерий Каракозовты іздестіру қайғылы нәтижемен аяқталды.

Зейнеткер мен оның иті бұрынғы президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылғанын марқұмның туыстары хабарлады. 

Қайтыс болу себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, Валерий Каракозов 12 шілде күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтаудың 12-шағынауданындағы үйінен итін серуендетуге шығып, содан бері байланысқа шықпаған.

Жақындары алғашқы күннен-ақ полицияға хабар беріп, іздеуге өз беттерінше кіріскен. Олар бақылау камераларынан алынған жазбаларды таратып, қала тұрғындарынан көмек сұраған болатын. Алайда үш күндік іздестіру қайғыға ұласты.