Нұртөре ЖҮСІП: Би­лік са­бақ­тастығын қамтамасыз ете білді
Нұртөре ЖҮСІП: Би­лік са­бақ­тастығын қамтамасыз ете білді
© сурет интернеттен алынды
286
оқылды
­­­ – Қазақстан­ның Тұңғыш Пре­­­­­­зиденті – Ел­ба­сы Нұр­сұл­тан Назар­баевтың өз өкілеттігін тоқ­тату туралы шешім қа­­­­былдағанына тура бір жыл болды. Ел­­басының өзі айтқандай, бұл оңай бол­­ған жоқ. Әйтсе де, биліктің ауысуы заң шеңберінде өтті. Ата заң­ға сәй­­кес Мемлекет басшысының мін­­­де­тін уақытша атқару сол кез­дегі Се­нат Төрағасына жүк­телді. Жаңа пре­­­­зи­дент сайлауы бел­гіленді. Nur Otan пар­­тиясының съе­зінде Елбасы бұл лауа­зым­ға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кан­­дидатурасын ұсынды. Бүкіл­ха­лықтық сай­лауда Қ.Тоқаев айқын басымдықпен жеңіс­ке жетті.
Жаңа Мемлекет басшысы би­лік са­бақ­тастығын қамтамасыз ете білді. Қо­ғамда ашық диалог қа­лыптастыруға күш салды. «Күшті Пре­зидент, ықпалды Пар­ламент, есеп беретін Үкімет» қағи­да­тын орнықтыруға бағытталған нақ­ты қа­дам жасады. Қасым-Жомарт Ке­мелұлы­ның «Халық үні­не құлақ асатын мем­лекет» де­ген қа­ғидаты ел-жұрттың кө­кейі­нен шық­ты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ел­ба­сы жо­лын табандылықпен жал­ғастырып келеді. Би­лік сабақ­тас­­тығы сындарлы бағыт ал­ды. Елдегі тұрақтылықты сақтау, жаңа сын-қатерлерге төтеп беру тұрғысында нақ­ты шараларды қолға алып, нәтижелі әре­кеттерге жол ашуы халықтың қолдауына ие болып жатыр. Бұл – бүкіл ел үшін қайырлы нәрсе.    

Бауыржан БАЗАР